KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Ертегі құрастырайық» атты шара

4 сәуір күні облыстық кітапханада «Ертегі құрастырайық» атты шара  ұйымдастырылды.
Мақсаты - балалардың шығармашылық қабілетін, тілдік дағдыларын қалыптастыру, қиялын ұштауға өзіндік пікірін білдіруге үйрету, ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту.
Шараға  қаламыздағы  Ж.Нұрсейітов  атындағы  №233 орта мектебінің   4 «А» сыныбының оқушылары, І.Қабылов атындағы №12  ІТ - мектеп-лицейнің  4 «Г» сыныбының  оқушылары, С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің  4 «Д» сыныбының оқушылары қатысты. Оқушыларға  әр бағытта шығармашылық тапсырмалар беріліп, өз ойларынан құрастырған ертегілерінен қойылым қойды.
Шара соңында оқырмандар  «Ертегі  сыр шертеді..» атты  қызықты ертегі жинақтарынан құралған  кітап көрмесімен танысты.
04 сәуір 2025 ж. 11:57
56 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x