9 сәуір күні көрнекті композитор, Қазақстанның халық қаһарманы, дәулескер күйші, «Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрдің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Сағынышқа айналған Нұрғиса» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – ұлттық музыка өнерін ұлықтап, композитордың бай мұрасын жас буынға жеткізу.
Шараға Мүлкаман Қалауов атындағы Қызылорда қалалық музыка мектебі және «Nur» мамандандырылған музыка мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысып, композитордың ел есінде мәңгі қалған «Аққу», «Әлқисса» сынды күйлері мен «Саржайлау», «Құстар әні», «Алатау», «Куә бол» сияқты шоқтығы биік әндері орындалды. Шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесімен таныстырылды.

