«Аққуын әлдилеген ән мен қүйдің» Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжімен бірлесіп Қазақстанның және КСРО халық әртісі, композитор, домбырашы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтың туғанына 90 толуына «Аққуын әлдилеген ән мен күйдің» атты музыкалық кеш ұйымдастырылды. Оның мақсаты – Нұрғиса Тілендиевтың өмірі, өнері, шығармашылық жолымен таныстыру, ұлы тұлғаларымызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Нұрғиса Тілендиевтың 90 жылдығына арналған кешті Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Абсадықов ашты. Музыкалық кеште ұлы дарын иесінің өмірі және шығармашылық жолы туралы әңгіме айтылып, осы колледж әдіскері А.Ибраева, концертмейстерлері В.Швигель, Қ.Сақтапбергенова, А.Цой, Э.Алмаханова, Т.Шрамкова, О.Хегайлар белсенді ат салысты. Студенттері А.Айгерім, Б.Серік, А.Шадаев, А.Айдарбекова, С.Тұрғанбекқызы, Ш.Жансейітовтер композитордың «Баянауыл вальсі», «Ақ шағала», «Кел еркем, Алатауыңа», «Махаббат таңы» әндері мен «Аққу», «Жекпе-жек» т.б күйлерін орындады, «Сыр сұлуы» бишілер тобы бимен көркемдеді.
«Ғасыр сазын тербеген» атты кітап көрмесі жасалып, оған Н.Тілендиевтың өмірі және шығармашылық жолынан сыр шертетін кітаптар мен баспасөз материалдары, суреттер қойылды. Кешті Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.Мырзамұратова қорытындылады.
|
Гости13
Роботы18
Список пользователей
bolgupittay517
Был(a) в сети 9 часов назад
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ