«Корней атаға қонаққа барамыз»

    Корней Иванович Чуковский -  балалар әдебиетінің көрнекті өкілі. Ол өзінің алғашқы өлеңінен бастап өмірінің соңына дейін балалар поэзиясы  саласында жемісті еңбек еткен. 
    Ә. Тәжібаев  атындағы  облыстық әмбебап  ғылыми   кітапханасы  17  сәуір  күні  №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектепте балалар әдебиетінің классигі  Корней Иванович Чуковскийдің шығармалары бойынша   «Корней атаға қонаққа барамыз » атты ойын-қойылым ұйымдастырды. Мақсаты:  балаларға  К.И. Чуковскийдің таңқаларлық ертегілер  әлемін көрсету, оларға оның шығармаларының даналығы мен көркемдігін жеткізу, ертегілерге деген  сүйіспеншілігін  ояту.
    Мерекенің қызықтыда тартымды өтуіне  №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің  1-3 сынып оқушылары өз үлесін қосты. Балалар Корней Чуковскийдің «Кірқоймас», «Шыбын-Цокотуха», «Телефон», «Айболит», «Бармалей» ертегілерін сахналап, көңілді өлеңдерін жатқа оқып, частушкаларын, әндерін айтып, әдеби ойындарын көрсетті. «Чукошаның»  сүйікті ертегілерінің мерекесі өте қызықты  өтті.


17 сәуір 2015 ж. 16:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: