«Тағылымды тарту»

       Ә. Тәжібаев атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми кітапханасы 23 сәуір- Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық  күні мерекесіне орай «Тағылымды тарту» - кітапханаға кітап сыйлау акциясын ұйымдастырды.
      Акцияның мақсаты: Елбасының « Мәңгілік Ел» идеясын басшылыққа ала отырып,  жастарды туған жерге деген шексіз сүйіспеншілікке, бірлікке шақырып, құрмет пен жасампаздық рухындағы патриоттық тәрбиеге баулып,     кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып,  ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.
         Сонау ХIХ ғасырдан бері ғұламалар мұрасын ғасырдан ғасырға дейін сақтап, талай оқырман үшін білім ордасы болған киелі шаңырақ, бүгінде жаңа заман талаптарына сай  қызмет көрсетуде. Бүгінгі кітапхананың мақсаты қала жұртшылығының сұранысын қамтамасыз ету үшін өз ақпараттық әлеуетін нығайту, пайдаланушылардың өскелең талабын қанағаттандыру және жоғары  эстетикалық талғам қалыптастыру,  ақпараттарды білуге  деген талап - тілектеріне қолдау көрсету, электрондық ресурстарды тиімді қолдануға үйрету.
      Кітапхана қорын түрлі құжаттармен толымдау, жастарды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының директоры, ақын Қ.Есімсейітова,  жазушы Б.Ұзақбаев, Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, ғалым М. Матаев, белгілі ақын – жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, суретшілер мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Аймақтардан жеке тұлғалар арнайы хабарласып, тарту - таралғысын ұсынды.  Атап айтсақ: А.Сопыбеков,   А.Сәдібекұлы, , Р.Наурызбаева,  С.Аңсатов,   С.Жұбатыров, А.Шамахова, Р.Бекбергенова, Т.Тебегенов, Н.Көбегенұлы, Ж.Жақып, Ш.Бекмағанбетов өздерінің  туындыларын және жеке кітапханаларынан көптеген  құнды деген кітаптарын сыйға тартып, қалың оқырманды қуантты.
     Акция қонақтары  акции  ұлттық көркем әдебиетіміздің қоғамдағы орнын,  жастарды өз ортасына, тіліне, дініне, Отанына деген патриоттық сезімдерін, халқымыздың салт дәстүріне деген құрметін қалыптастыруда таптырмайтын құрал болып табылатыны туралы айтып,  кітап туралы салмақты пікірлер білдірді. Кітаптар да  адамдар сияқты, оның да тағдыры бар. Олар да тұлғалар сықылды, адамзатпен бірге жасайды, иесімен бірге туылып, иесімен бірге  өмір сүреді. Кітап  - адамды арман биігіне самғатады, ақыл - ой әлеміне шарлатады. Сондықтан  кітапты қадірлейік деген жылы лебіздер айтылды.   
    Кітапхана фойесінде  «Сыйға тартылған кітаптар», «Сіздің шығармаңыз»   атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Облыстық филармония әншілері акцияға қатысушыларға ән шашуларын сыйлады. Бұл күні кітапхана қоры 202 дана  кітаппен толықты.
      Өз кезегінде, мәдени шараға қатысушылардың барлығы да кітапхана әкімшілігі атынан алғыс хаттармен марапатталды.
      Іс -шараға  Б.А.Қ. өкілдері, тұрақты оқырмандар, қала тұрғындары  қатысты.

 


23 сәуір 2015 ж. 17:24
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: