KITAPKHANA.KZ
kz ru

Кітапханаға саяхат

   Облыстық кітапхананың балалар бөлімі жыл басынан бастап мектептермен байланысты жақсарту, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізуде.

   14 мамыр күні №101 қазақ орта мектебінің 2 «ә» сынып оқушылары мен ұстаздары кітапханаға саяхатқа келді. Оқушылар облыстық кітапхана туралы, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы мәлімет алды.

   Бөлімде ұйымдастырылған «Кітаппен бірге өсеміз», «Танысыңыздар! Жаңа әдебиеттер», «Ертегілер әлеміне саяхат», «Балаларға базарлық» атты кітап көрмелерімен танысты. Балалар әдебиеті бөлімі жазғы демалыс кезінде оқушылармен «Керемет 10 кітап» жобасы бойынша жұмыс жасайды. Оқушыларға жаз айында оқуға қазақ, орыс, шетел жазушыларының шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар, ертегі кітаптар тізімі ұсынылды. Балаларға оқыған 10 кітабы бойынша кітапша дайындау, авторлары, шығарма, кейіпкерлер туралы пікір жазу, оқыған кітаптары бойынша сурет салу тапсырылды.

 

 

 


 

14 май 2015 г. 18:41
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x