Рәміздерім! Сен неткен маңызды едің

       Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
       4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл мерекенің жөні ерекше. Өйткені, әрбір азаматтың жүрегінде Отанына деген сүйіспеншілікті, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуда мемлекеттік рәміздердің маңызы аса зор.
      Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап   ғылыми     кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі   4 маусым күні   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері  күніне «Рәміздерім! Сен неткен маңызды едің»   атты интелектуалды-танымдық сағат өткізді. Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге тәрбиелеу.
     Шараға  №140,198  орта мектептердің «Балдәурен», «Планета детства» күндізгі тынығу лагерлерінде демалып жатқан балалар қатысты. Шара Қазақстан Республикасының Әнұраннын  орындаумен басталды. Балалар викториналық сұрақтарға жауап беріп, Мемлекеттік рәміздеріміз туралы қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтып, Қазақстан, Отан туралы әндер шырқады, мақал-мәтелдердің жалғасын айтты, соңынан балалар кітапхана бөлімдеріне және  «Тәуелсіздік» залына  саяхат жасады.

 



04 маусым 2015 ж. 15:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: