ХХІ ғасыр қаупі – терроризм

   Қазіргі заманға сай әлеуметтік қауіптер - лаңкестік пен діни экстремизм дамуда. Осыған байланысты бүгінгі күні қоғамда пайда болған қауіптер туралы жасөспірімдерге уақытымен ақпарат беру маңызды істердің бірі болып табылады. Оқушылар дәстүрлі емес діни бірлестіктер мен секталардың зияны туралы және балалар мен жасөспірімдер сана-сезіміне тигізетін кері әсері туралы білуі керек.

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында терроризм және діни экстремизмнің қазіргі өмірдегі адамзатқа қаупі туралы түсінік беру және лаңкестік теракт қаупі төнген жағдайда дұрыс шешім қабылдау, қорғаныс шараларын үйрету мақсатында «ХХІ ғасыр қаупі –терроризм» атты видео - сабақ өткізілді.

   Шара барысында «Жалған терроризм», «Халықаралық терроризм және діни экстремизм», «Діннен адастырар ағымдар» атты деректі фильмдер көрсетіліп, жасөспірімдердің Отан алдындағы жауапкершілікті, өзге діни ұйымдардың тұжырымдарына құлақ аспауға, олардың мақсаты тек мемлекеттер арасында экстремистік жанжалдар туғызу екендігін, қырағылықты, адамдарға көмек көрсету насихатталды.

 

 



05 маусым 2015 ж. 17:11
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: