«Ойнайық та ойлайық»-ойын-сайыс10 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Ойнайықта ойлайық» атты ойын-сайыс өткізді. Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Шараға №140, №187 Шоқай атындағы орта мектептердегі жазғы тынығу лагерлерінде демалушы балалар қатысты. Балалар «Тапқырлар», «Білгірлер» атты екі топқа бөлініп сайысты. Ойын-сайыс «Жұмбақ жасыру», «Сөзжұмбақ шешу», «Кім тапқыр?», «Логикалық ойындар» кезеңдерінен тұрды. Шара соңында балалар кітапхана бөлімдеріне саяхат жасап, «Балдырғандар» залында мультфильмдер тамашалады.
|