«Жыл мезгілдері» - әдеби ойын-сауық кешіӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі жазғы каникул кезінде оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуға қызығушылығын ояту, кітапты насихаттау мақсатында, балалардың интеллектуалдық және шығармашылық, алғырлық қабілеттілігін жетілдіру мақсатында түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруда. 23 маусым күні балалар әдебиеті бөлімі «Жыл мезгілдері» атты әдеби ойын-сауық кешін өткізді. Ойын-сауық кешіне №198 орта мектептің «Планет детства» жазғы тынығу лагерінде демалушы балалар қатысты. Мақсаты: балаларды туған жерінің табиғатын, поэзиясын сүюге тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін шыңдай отырып, көркем әдеби тілде сөйлей білуге баулу, эстетикалық талғамын дамыту, өлең, ертегілер, мақал-мәтелдер оқу арқылы жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Шарада балалар жыл мезгілдері туралы тақпақтарды жатқа айтып, жұмбақтар шешті, ән шырқап, би биледі. Жыл мезгілдеріне арналған «Лисичка сестричка и Серый волк», «Весенняя сказка», «Сказка про лето» және«Сказка про осень» ертегілерінен шағын көріністер көрсетті, «Жыл мезгілдері» атты слайд-шоуды тамашалап, кітапхана бөлімдеріне саяхат жасады. Шараға 85 бала және ұстаздар қатысты.
|