«Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады

      БҰҰ және ҚР Үкіметі бірлескен  "Экономикалық, әлеуметтік және қоршаған ортаны қорғауда инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы Қызылорда облысының тұрғындарының, соның ішінде әлжуаз топтар өкілдерінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту" бағдарламасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жұмыссыз жастарға және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған «Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады. 
    Жобаның мақсаты 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында  ІТ-технологияларды пайдалануға үйрету болып табылады. 
      «Шаңырақ» – елдің елдігін танытып, берекесін ұйытатын басты ұлттық құндылықтардың бірі, бірлік пен татулықтың белгісі. Алдына мақсат қойған жастар кітапханадағы «Шаңырақта» бас қосып, электронды білімдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған оқу курстары мен тренингтерге тегін қатыса алады. Орталықта жастар компьютер және Интернетпен жұмыс істеуді үйренеді. Электронды білім оларға интернет арқылы жұмыс орнын іздеуге, әртүрлі әлеуметтік желілерді және электронды үкіметтің онлайн қызметтерін пайдалануға зор септігін тигізері сөзсіз.
      Алдағы уақытта «Шаңырақ» интеллект-орталығында жастарды компьютерлік сауаттылыққа оқытып-үйретіп қана қоймай, олардың бойында азаматтық және отаншылдық сезімдерін ояту, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында түрлі бағытта білім беретін курстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ ауыл кітапханаларындағы ашылған онлайн орталықтардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер өткізіліп, әдістемелік көмектер көрсетіледі.

«Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады

«Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады

«Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады

 


 

 


 

 


 

 

 


 

 


 

 


 

 



21 шілде 2015 ж. 11:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: