«Ұлы даланың ақыны»
22 тамыз күні кітапханада ҚР-ның Ұлттық академиялық кітапханасының «Нұржол» бульварында кітап фестивалінің өткізуіне қолдау көрсету мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен онлайн байланыс орнатылып, құттықтаулар жасалды. Жастардың қатысуымен Абай өлеңдерінен «Ұлы даланың ақыны» атты әдеби оқу өткізілді. Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Мәдени шараға №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің мұғалімідері Айгүл Әмірғалиқызы, Алтынай Қайруллаева, № 189 орта мектептің мұғалімі Күміс Қайруллаева, «Оқушылар және жасөспірімдер» үйінің «Жас қаламгер»үйірмесінің жетекшісі Зада Есмағанбетова оқушыларымен қатысты. Шараға қатысушылар атап көрсеткендей, әр халықтың өз ұлттық рухани символына айналған тұлғасы бар. Олардың пікірінше,терең ойлармен және асыл сөздермен айшықталған Абай поэзиясы рухани толысуға, адами құндылықтар туралы ойлауға көмектеседі. Кітапхананың оқырмандары: Н.Ертай, Ж.Әзтай, Т.Төребай, Т. Қалдыбай, А. Нұрлыбек т.б. ақынның өлеңдерін, аудармаларын және Қара сөздерін оқыды, әніндерін нақышына келтіріп орындады.
|