Отбасымызбен бірге оқимыз

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісі күні болып бекітілген.

       Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты.

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі отбасымен бірге оқуды ұйымдастыру, оқуға басшылық жасау, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында жыл көлемінде түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруда. Атап айтқанда: «Кітаптар қалашығына саяхат» атты ашық есік күні, «Отбасын кітап даналығы нығайтады» атты ашық есік күні, «Отбасының қызығушылық әлемі» атты отбасы вернисажы, «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты мереке, 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне «Оқу – сиқырлы кілт» - атты отбасылық оқу күні.

   10 қыркүйек күні балалар әдебиеті бөлімі «Отбасын кітап даналығы нығайтады»айдарымен «Отбасымызбен бірге оқимыз»атты отбасылық оқу өткізді. Отбасылық оқуға №23 Ж. Қизатов атындағы мектеп-лицейден Цупенковтар жанұясы, №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептен Мұсаевтар, Ким, Жұмаділ, Ертай, Болатов, Козлов, Ален, Шора, Әбішев, Сүлейманов және Сафаровтар жанұялары қатысты. Шарада балалар мен ата-аналар өздері оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті. Ата-аналар үшін «Тәрбие көзі - отбасы» атты көрмеге шолу жасалып, «Балаға кітапқа және кітап оқуға сүйіспеншілікті қалай дамытамыз» және «Оқырманды мәпелеп өсіреміз» атты жаднамалар таратылды, слайд-шоу көрсетіліп, блиц-турнир ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Сөздің жалғасын тап», «Ертегіні жалғастыр»атты ойындар және «Сиқырлы конверттер» атты әдеби-іздеу ойыны өткізіліп, мультфильмдер көрсетілді.

 

 

 

 

 


 


 

 


 

 

 


 


 

10 қыркүйек 2015 ж. 18:19
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: