«Білім» ақпараттық қызмет. Ғылыми қызметкерлер мен студенттер үшін арналған кітап көрмесі2015 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 10-00 де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторында ғылыми қызметкерлер тобына арналған «Білім» ақпараттық қызмет атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бүгінде жаһандану дәуірінде Қазақстанның орны тікелей жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлау деңгейіне байланысты болатыны белгілі болып отыр. Білім мен ғылым саласын жүйелі реформалау үдерісі тікелей Қазақстанды үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудыңМемлекеттік бағдарла-масынан, білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа Мемлекеттік бағдарламасынан, сондай-ақ Елбасының интеллектуалды ұлтты қалыптастыру Бағдарламасынан туындауда. Ғылыми қызметкерлер мен студенттер тобына арналған көрмеде көптеген салалар бойынша жаңа түскен кітаптар, авторефераттар, тақырыпқа сәйкес мерзімді басылымдар және әдебиеттердің ұсыныс тізімі ұсынылды.
|