Қазақтың ұлы ақыны – Абай

       Қыркүйек айының 29-жұлдызы күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  ғылыми әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы – Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына  «Қазақтың ұлы ақыны – Абай» атты танымдық сағат өткізілді.

      Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.

   Танымдық сағаттың басты мақсаты: халқымыздың озық ойлы білімдары, дара туған дана перзенті Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру, оның өлеңдері арқылы оқырмандарға патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

     Іс-шара қонақтары №235 орта мектептің 1 сынып оқушылары мен №8 облыстық арнаулы санаториялық  мектеп-интернатының оқушылары белсене қатысты. Оқушылар танымдық сағат барысында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, әндерін айтып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сұрақтарға жауап берді, А.Құнанбаевтың шығармашылығына арналған бейне-роликті тамашалады.

      Шара соңында оқырмандар «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты кітап көрмесін тамашалады.


 

 

 

 

 


 

 

 

 

30 қыркүйек 2015 ж. 15:18
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: