«Шаңырақ» интеллектуалды орталығының салтанатты шарасы

    Ә.Тәжібаев   атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханасында  30 қыркүйек күні «Шаңырақ» интеллектуалды орталығының ашылу салтанаты болып өтті. Шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының аймақтық даму және тиімді басқару департаментінің бағдарламалар үйлестірушісі  Малика  Коянбаева,  Қызылорда облысының Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының менеджері Егізбаева Баян Жақсыбекқызы,   мекемелер мен БАҚ өкілдері, кітапханашылар, оқырмандар қатысты.  
    БҰҰ мен ҚР Үкіметінің бірлескен бағдарламасы аясында Қызылорда облыстық кітапханашылар қауымдастығының ұйымдастыруымен жұмыссыз жастарға және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған «Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын ағымдағы жылдың маусым айында бастаған болатын. Мақсаты   18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында  ІТ-технологияларды пайдалануға үйрету. Жоспарлы түрде өткізілген курс сабақтары мен тренингтерге осы уақыт аралығында жұмыссыз жастар, зейнеткерлер, кітапханашылар, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтар да қатысып келді. Курсқа қатысушылар  интернет арқылы түрлі әлеуметтік желілерді және электронды үкіметтің онлайн қызметтерін пайдалануды, күрделі бағдарламалармен жұмыс жасау сияқты компьютерлік сауаттылықтар бойынша сабақ алып, өз мүмкіндіктерін дамытты.  Соңынан тыңдармандарға сертификаттар табысталды. 
   Жаңа заман жаңаша көзқарасты, жаңа технологияны қажет етеді. Бүгінгі таңда мобильді технология ақпаратқа қолжетімділікті сан есе жылдамдатты.  Жыл сайын кітапханалардың да жұмыс аясы кеңейіп келеді. «Шаңырақ» интеллектуалды клубы алдағы уақытта да жастарды компьютерлік сауаттылыққа оқытып-үйретіп қана қоймай, олардың бойында азаматтық және отаншылдық сезімдерін ояту, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында түрлі бағытта білім беретін курстар ұйымдастырады. Сондай-ақ ауыл кітапханаларындағы ашылған онлайн орталықтардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер өткізіп, әдістемелік көмектер көрсетеді.
    «Шаңырақ» интеллектуалды орталығында электронды оқулармен қатар кәсіби қолөнершілер жұмыссыз жастарды тоқу, тігу өнеріне үйретеді. Қалауына қарай жастар бұл өнердің де қыр-сырын меңгеріп, алдағы уақытта шеберлер сабақтарына қатыса алады.

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 

 


 

 

 


30 қыркүйек 2015 ж. 07:57
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: