KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Саламатты елге бастар жол»

      2015 жылы 14 қазан күні сағат 10-00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасының оқу залы секторында  «Саламатты елге бастар жол» атты пікір алмасу  ұйымдастырды.
     Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі «Мемлекетіміздегі азаматтардың денсаулығы, білімі мен әл–ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында денешынықтырумен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу керектігі көрсетілген.  Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектептерде жан – жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап  етіп  қойылған.
     Шараға қатысушылар: «Өркениет»  медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері, тұрақты оқырмандар.                          Пікір алмасуда көптеген денсаулыққа байланысты  сұрақтар талқыланып, қорытындысында  «Дені сау ұрпақ – кемелді болашақ » атты кітап көрмесімен танысты.

 

 

 

 


14 қазан 2015 ж. 16:31
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x