«Елбасы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» фильмі

    Облыстық кітапхананың өнер бөлімінің ұйымдастыруымен кинорежиссер Рүстем Әбдрашевтың «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» атты бөлімі көрсетілді.

     Оның мақсаты – Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік қызметін сан қырынан көрсету арқылы өскелең ұрпақты елін,жерін сүюге баулу, мемлекетшілдік рухта тәрбиелеу. Отан жайлы орнықты түсінік, ел ертеңіне деген берік сенім қалыптастыру.

    Фильм негізінен Елбасына арналған «Елбасы жолы», «Отты өзен», «Балалық шағымның аспаны» атты фильмдердің жалғасы. Бұл картинада да басты рөлді сомдаған талантты актер Нұрлан Әлімжанов. Сонымен қатар фильмде Валентин Гафт, Евгений Сидихин, Владимир Стеклов, Виктор Сухоруков сынды Ресейлік танымал актерлар ойнайды.

  Фильмнің сюжеті Елбасының 1971-1978 жылдардағы өмірі жайлы баяндайды. Жаңа кинотаспа бас кейіпкердің Қарағанды металлургия комбинаты партия ұйымының басшысы ретінде қалыптасу кезеңін суреттейді. Оқиғалар оның Днепродзержинскідегі оқудан кейінгі және Қазақстан магниткасындағы жұмысының басталған кезіндегі өмірін қамтиды. Фильмде үлкен саясатқа қадам басқан       Елбасымыздың сол кездегі қызметі мен ішкі толғаныстары шынайы бейнеленген.

Киноэпопеяның сценарийін Н.Назарбаев кітабының желісімен белгілі қазақстандық драматург-сценаристер Ш.Құсайынов, Р.Әбдрашев және Г.Земель жазған. Онда Мемлекет басшысы әріптестерінің, достары мен үзеңгілестерінің естеліктерінен алынған эпизодтар да қолданылған.

    Болашаққа берері, жастарға үйретері көп фильмді «Болашақ» университеті, «Өркениет» медицина колледжі және «Ұлағат Қызылорда» колледжі студенттері,оқытушылары, кітапхана оқырмандары мен оқушылар тамашалады.

   

 


 


 


 

 


 

14 қазан 2015 ж. 18:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: