Рухани қазына – ғасырдан- ғасырға (Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына)

    2015 жылдың қазан айында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторында Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына орай «Рухани қазына – ғасырдан-ғасырға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Көрменің мақсаты: Әлем әдебиетінде шоқтығы биік Абай туындыларының ұрпақтан-ұрпаққа берілетін өшпес мұра екендігін, сонымен бірге шығармаларының өміршеңдігін дәріптей отырып, келер жас буынға насихаттау.

     Қазақтың бас ақыны Абай жаңа реалистік әдебиеттің негізін салушы. Оның ақындығы сан қырлы. Ол – керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Абай поэзиясы өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты, барынша толық бейнелеп берді. Абайтанудың өз алдына дербес ғылым саласы болып қалыптасуына М.Әуезовтың көп жылғы зерттеу еңбегі негізгі тірек болды.

    Абай шығармашылығын қазіргі көзқарастар деңгейінде талдап, тереңдеп түсінуге соңғы кездегі іргелі зерттеу еңбектер айтарлықтай үлес қосты. Ұлы Абайдың 170 жылдық мерекесі біздің елімізбен қатар алыс-жақын көптеген елдерде аталып өтті, шығармалары ондаған тілдерге аударылып жарияланды.

   Көрмеге ақынның шығармашылығынан сыр шертетін жүзге тарта кітаптар мен кейінгі зерттеу жұмыстары жарияланған журналдар қойылды.

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 


 

 


 

16 қазан 2015 ж. 17:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: