«Ұлт құндылығы-руханият»

     Кітапханада "Ұлт құндылығы - руханият" тақырыбында ғылыми-тəжірибелік конференция болып өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Абзалбек Ғабит Мұхамеджанұлы, Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау Орталығының ғылыми қызметкері Муслимов Марлен Жүнісұлы, Алматы қаласы, «Медеу» ықшам ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Жакипов Тілепберген Аллажарұлы қатысып, баяндама жасады. 
        Конференция барысында "Ұлт құндылығы - руханият" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхананың сирек кітаптар қорындағы қолжазбалар мен көшірме кітаптар, көне жәдігерлер қойылды. Көрмеге 1303 һижра жылы шыққан «Діни философиялық сөздік», 1306 жылы ескі түркі тіліндегі «Имам ағзам Бәтуа кітабы», 1307 жылы шыққан «Аталы әл-Азхар» даналық сөздер кітабы, 1874 жылы шыққан «Құран Кәрім» кітабы, 1307 хижра жылы шыққан Ал Қаулі Әсәбит Фиқада Әлфауабіттің «Намаздың келу тарихы» қолжазбасы және тағы да басқа кітаптар көпшілік назарына ұсынылды. 
     Сондай-ақ шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, теологтар, орта мектептердің «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

 


 

 

 

22 қазан 2015 ж. 09:14
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: