«Ерлігі аңыз болған батыр баба»

        Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек  батырларымыздың  бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Ол батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген, қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік тұлға болып саналады.

       13 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  балалар әдебиеті бөлімінде саф алтындай жарқырап өткен, елін, жерін аянбай қорғаған хас батырлардың бірі  –   Баян Қасаболатұлының 300 жылдығына  орай «Ерлігі аңыз болған батыр баба» атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты:  Баяндай батыр есімін ардақтау, жас жеткіншектерді  Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

       Танымдық сағатқа № 12 І.Қабылов атындағы қазақ орта мектебінің 7 «б» сыныбының оқушылары белсене қатысты. Тарих пәнінің мұғалімі  Жұмабекова Гүлмира Әбілқадырқызы  ержүрек батыр Баян туралы әңгімеледі. Оқушылар Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінділер оқып, өз пікірлерін айтты, «Ғажайып туынды- Батыр Баян» атты  бейнероликті тамашалады.

         Шараға сонымен қатар №140 орта мектептің оқушылары қатысты,   кеш соңында оқырмандар «Ұлт азаттық күрестің қаһарманы» атты кітап көрмесімен танысты.

«Ерлігі аңыз болған батыр баба»
«Ерлігі аңыз болған батыр баба»

13 қараша 2015 ж. 17:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: