Жастар - елдің ертеңі

             «17 қараша – халықаралық студенттер мерекесі» күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жастар – елдің ертеңі» атты флешмоб ұйымдастырды.

           Шара барысында «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы Айжан Абдуллаева, журналист Елжас Әбділда құттықтау сөз сөйлеп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты Серікхан Жүзеев, студенттер Еркін Шамикадин, Қожантай Бауыржан жүрек жарды туындыларын тыңдарман қауымға тарту етті.  Сонымен қатар «Өркениет»  мединица колледжінің студентері өнерлерін көрсетіп, көңілді кешті думанға айналдарды.

        Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастарға, әсіресе, студент жастарға үлкен қамқорлық, түрлі  ауқымды басымдықтар беріліп отыр. Жастардың сол оң өзгерістірдің шетінде емес, ең ортасында жүріп, ортақ іске араласуы бүгінгі күннің кезектегі мәселесі екендігі айтылды.

       Осындай жалындаған жастарға жігер беруге, еңбектерінің еселеніп, мерейлерінің үстем болуына ықпал ету мақсатында өткізілген шара студент-жастардың  мерейін үстем ете түсті. Флеш-моб соңында жастар  «Ұлт келешегі - жастар» атты кітап көрмесімен танысты. 

20 қараша 2015 ж. 17:54
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: