«Балаларға қуаныш сыйлаймыз»-қайрымдылық акция

        2015 жылғы 23 сәуірде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында осы жылдың 20-27 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы жарияланып отыр.

        Осыған орай, акция аясында 24 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Балаларға қуаныш сыйлаймыз»  атты қайырымдылық акциясын өткізді.

       Іс-шараның мақсаты :  тағдыр  тауқыметін тартып, ата-ананың мейіріне сусап жүрген бүлдірішіндерге жан жылуын сыйлау, адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі – қайырымдылық жайында әңгімелеу. Мейірімділікке, адамгершілікке баулу. Жаман әрекеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. 

      Қайырымдылық акциясының басты қонақтары облыстық №7 орта мектептің қамқоршы, қорғаншы, патронаттық тәрбиедегі оқушылар болды. Балалар қайырымдылық жайында айтылған әңгіме, аңыздарды тыңдады. Шарада №8 арнаулы санаториялық мектеп-интернатының  және №7 орта мектептің оқушылары  өнерлерін көрсетті. Акцияда балаларға  сыйлықтар үлестірілді.

           Іс-шара соңында оқушылар Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған кітап көрмесімен танысып, «Тәуелсіздік залына» және кітапхана бөлімдеріне саяхат жасады.

 

«Балаларға қуаныш сыйлаймыз»-қайрымдылық акция

 

«Балаларға қуаныш сыйлаймыз»-қайрымдылық акция

 

«Балаларға қуаныш сыйлаймыз»-қайрымдылық акция

«Балаларға қуаныш сыйлаймыз»-қайрымдылық акция

 


 


 

24 қараша 2015 ж. 11:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: