«Ислам діні – бейбітшілік бастауы» атты кітап көрмесі

    2015 жылдың 25 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  Қызылорда әкімдігінің қолдауымен "Ислам діні – бейбітшілік бастауы" тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Көрме «Ислам құндылықтары - бабалар мұрасы», «Дін – татулық тірегі», «Дін. Дәуір. Дәстүр» және «Ислам және өнеге» атты бөлімдерден дайындалды. Көрмеге кітапхананың сирек кітаптар қорындағы қолжазбалар мен көшірме кітаптар, көне жәдігерлер қойылды. Көрмеге 1303 һижра жылы шыққан «Діни философиялық сөздік», 1306 жылы ескі түркі тіліндегі «Имам ағзам Бәтуа кітабы», 1307 жылы шыққан «Аталы әл-Азхар» даналық сөздер кітабы, 1874 жылы шыққан «Құран Кәрім» кітабы, Ал-Қаулі Әсәбит Фиқада Әлфауабіттің «Намаздың келу тарихы» қолжазбасы, сондай-ақ дін, исламның негізгі ерекшеліктері, діни тәрбие жөнінде мәліметтер беретін, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.), басқа да белгілі пайғамбарлардың шығу тарихы туралы, дін мен дәстүр сабақтастығы, иман негіздері жайлы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылып,   оқырманға    ұсынылды.

    Шараға  Ресей Федерациясы, Түркия, Египет Араб Республикасы, Өзбекстан және Қырғыз Республикаларынан және т.б.елдерден сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы, ғалымдар, облыстардағы, Астана, Алматы қалалық Дін істері басқармалары басшылары мен өкілдері, облыстағы діни бірлестіктердің, мемлекеттік құрылымдардың, оқу орындарының, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты. 

«Ислам діні – бейбітшілік бастауы» атты кітап көрмесі

 

«Ислам діні – бейбітшілік бастауы» атты кітап көрмесі

 

«Ислам діні – бейбітшілік бастауы» атты кітап көрмесі

 

«Ислам діні – бейбітшілік бастауы» атты кітап көрмесі

 


 

25 қараша 2015 ж. 15:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: