Танысыңыз, жаңа кітаптар!

2015 жылғы желтоқсанның 3-11 жұлдызы аралығында кітапханада «Дүние кілті - кітапта» атты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге білім салалары бойынша жаңадан түскен 280 дана кітап қойылды. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат - оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту.
Көрмеге ақын-жазушылардың шығармалары мен шетел аудармалары, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған кітаптар, тарихи деректер мен энциклопедиялар, ауыл шаруашылық, медициналық, педагогикалық, психологиялық оқулықтар мен  мәдениет пен өнер, сондай-ақ  балаларға арналған танымдық кітаптар қойылды. «Қазақстан - қарашаңырағым» фотоальбомы, Б.Ұзақбаевтың «Алдаспандар рухы» тарихи романы, Б.Ұзақбаевтың «Ерлікті сүйген ел нұрлы» фотоальбомы, «Ұлт рухы» қанатты сөздер кітабы, С.Сыбанбайдың «Ала доптың аламаны», Д.Баймолда «Европадағы қазақтар»публицистикалық зерттеуі, М.Әлсейітовтың «Жетімсайдың бойында-жетім ауыл», Қ.Құлмұхаммедтың «Олжа» өлеңдер жинағы, М.Қабанбаевтың «Шығармалары», Т.Әлібектің «Құланаян Құлмамбет» монографиясы, Н.Төлепбергенұлы «Жемқордың жеткен жері» әзіл-оспақ, сықақ әңгімелері», Нақысбеков Қ. «Мың бір өлең», Байхонов С. «Жоқ іздеген жолаушы» эссе, элегиялары, Шал ақынның «Өлеңдер және әдеби зерттеулері», Ғ.Жандыбаевтың «Талантқа - талғам таразы» әңгімелер, трактаттар, сұхбаттар, мақалалары, Н.Бәдіғұл «Сағым бейне» өлеңдер, поэмалары, Ә.Қалдыбаевтың «Шығармалары», «Қазақстан театрлары», Ә.Қайратқызының «Қыз өссе - елдің көркі» прозасы және т.б. көптеген кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды.

07 желтоксан 2015 ж. 11:19
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: