«Книга, неповторимая и единственная»

   Орыс өмірінің теңдесі жоқ бейнесін жасаған, дүниежүзілік әдебиеттің маңдай алды шығармаларын берген кемеңгер суреткер, орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романының шыққанына 150 жыл толуына орай Ресейде 2015 жылдың 8-11 желтоқсан аралығында медиахолдинг ВГТРК телеарнада акция ұйымдастыруда.
     Ресейдің мемлекеттік телеарнада тікелей эфирде 60 сағатта ұлы жазушының 4 томдық шығармасын әртүрлі жастағы әдебиет сүйер қауым оқиды.
   Әдебиет сүйер қауымның назарына Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Книга, неповторимая и единственная» атты кітап көрмесін ұсынады. Көрмеге кітапхананың қорынан қазақ және орыс тілінде 1951 - 2014 жж. аралығында шыққан «Соғыс және бейбітшілік» кітаптары мен ұлы жазушы Л.Толстой туралы зерттеулер, фотоқұжаттар және режиссер С.Бондарчуктің 50 жыл бұрын шығарылған «Война и мир» киносы жайлы деректі материалдар қойылды.
     Л.Н.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романының жазылуы - орыс және дүниежүзі әдебиетіндегі ерекше құбылыс болды. Осы бір аса құнды туындыда Толстой психологиялық романның жан-жақты, толыққанды, мол оқиғалы түрін жасады. Бұл роман толымдылығымен, бейнелерінің үйлемсімділігімен, оқиғаларының ретті салалануымен ерекшеленеді. Мұнда орыс табиғаты теңдесі жоқ суреттелген.
   Бұл туынды оқырмандарға рухани тебіреніс пен өмірге құштарлық, әдемілік пен нәзіктілік, жақсылыққа ұмтылған талпыныс пен махаббат сыйлайды.
    Осы акция арқылы Л.Н.Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілік» тарихи шығармасы жаңа өмірге қадам басты.


 

 

 

 

 

 

 


 

 


 

 


 

 



08 желтоксан 2015 ж. 11:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: