«Джунгли шақырады»- әдеби вернисаж

     22 желтоқсан күні балалар әдебиеті бөлімі №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейде 1-5 сынып оқушыларымен әлемдік сөз өнерінің және балалар әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі Джозеф Редьяр Киплингтің 150 жылдығына «Джунгли шақырады» атты әдеби вернисаж өткізді. Мақсаты: оқушыларды Р.Киплингтің шығармараларын насихаттау, табиғатты, қоршаған ортаны сүюге баулу, эстетикалық талғамын жетілдіру, оларды батылдыққа баулу. Балалар еліктіретін джунгли әлеміне, Р.Киплингтің «Маугли» шығармасы беттеріне саяхат жасау.

      Редьяр Киплинг дүниежүзіне белгілі жазушы. Ол өз туындыларында қарапайым адамдардың, қатардағы жауынгерлердің ар мен сезім тазалығын, адамгершілік қасиеттерін, адал еңбегін шынайы суреттеген. Жазушының ең үздік шығармасы «Джунгли Кітабы».

Джунгли әлеміне қызықты саяхаттың алдында кітапханашы балаларды жазушының шығармашылығымен және балалық шағымен таныстырды, Шара барысында бейне-ролик көрсетілді. Балалар «Жыртқыштар» және «Шөпқоректілер» топтары болып екіге бөлініп Киплингтің ең үздік ертегілерінің білгірі атағын алу үшін жарысты. Сайыс: «Сөзді аяқта», «Акелланың жұмбактары», «Кокосты қозға», «Жегіш от», «Лиананың түйінін шеш», «Сөз торғай емес, ұстамасаң - ұшып кетеді», «Ең тез». Шара өте қызықты өтті, соңында сайыс жеңімпаздары марапатталды.

 

 

 

 

 

 


 

22 желтоксан 2015 ж. 17:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: