«Мәңгілік елдің мәдени құндылықтары» атты кітап көрмесі

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай «Мәңгілік елдің мәдени құндылықтары» атты  кітап көрмесі  ұйымдастырылды. Оның мақсаты – кітап қорындағы әдебиеттер арқылы ұлттық мәдениетіміздің тамыры тереңде жатқандығын ұғындыру, қазақтың тұлғалы өнер шеберлерінің әлемдік өркениетте алатын орнын насихаттау.
Егемендік алып, бүкіл әлем мойындаған мемлекетке айналған Қазақстан өзінің атақты өнер шеберлерімен, рухани бай мәдениетімен мақтана алатын ел. Оқырмандар назарына өнердің барлық саласы – музыка, би, сәулет, театр, кино, қолөнер тақырыбына жазылған кітаптар, альбомдар, ноталық басылымдар ұсынылды. 
    Қазақ халқының әлем мойындаған өнер жұлдыздары Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Нұрмұхан Жантөрин, Әмина Өмірзақова, Роза Бағланова т.б. өнер шеберлеріне арналған кітап-альбомдар  зор қызығушылық тудырды.
Оқырмандар танысқан «Қазақстан сәндік өнері. ХХ ғасыр» атты альбом-кітап қазіргі кезеңдегі Қазақстанда сәндік-қолданбалы өнердің тамаша туындыларын жасаған маңдайалды шеберлердің шығармашылығына арналған. Кітапта зергерлік өнер, металл мен қару-жарақ, керамика, шыны  мен фарфор, музыка аспаптары, тері өңдеу, киізден жасалған көркем дүниелер т.б. қолөнер түрлері қамтылған.
   Пайдаланушылардың сұранысына ие, өнертанушы-этнограф З.Жәкішеваның «Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары» атты кітабының 1-ші бөлімі  ел өмірі мен тарихының, өнері мен мәдениетінің ажырамас байлығы, төл мұрасы  саналатын қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары туралы баяндайды. Кітап көркем безендірілген. 2-ші бөліміне аспаптармен байланысты болып келетін аңыз-әңгімелер, наным-сенімдер мен халықтық ұстанымдар енген.
    Ш.Тохтабаеваның «Қазақтың зергерлік өнері» атты  құнды фотосуреттермен безендірілген кітабы көне заманнан келе жатқан қолөнердің бір саласы – зергерлік өнеріне арналған. 
    Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті мен өнерін насихаттауға бағытталған кітап көрмесімен кітапхана оқырмандары  - студенттер, оқушылар мен жалпы өнер сүйер қауым танысты.

 




14 қаңтар 2016 ж. 18:32
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: