«Жыр- өмір»-әдеби кеш

     22 қаңтарда Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімінде педагог- ғалым, ақын, балалар жазушысы Әдібай Табылдиевтың 90 жылдығына орай «Жыр-өмір» атты әдеби кеш өткізілді.

     Мақсаты: ақынның өмір жолы, ерен еңбегі туралы түсінік беру, өлең-жырларын жас ұрпаққа дәріптеу, сахналық қойылым ойнауда оқушы шеберлігін шыңдап, мәнерлеп оқуға машықтандыру, ұлттық асыл қасиеттер мен құндылықтарын бойына сіңіру.

    Әдеби кешке №264 мектеп-лицейдің 5 «а», «б» сынып оқушылары және Тасбөгет кентіндегі №11 қазақ орта мектебінің 5 «ә» сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар Ә. Табылдиевтың өлеңдерін оқып, шығармаларынан скетч, «Намыс», «Химиялық элементтер, «Өмір кешірмейді», «Білмеген жаман» атты қойылымдар қойды. Кеш соңында «Бала жанының бағбаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, өмір жолынан сыр шертетін слайд-шоу көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 

 

 


 


 


 


 


 



22 қаңтар 2016 ж. 12:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: