Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара

        2016 жылдың 27 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік - Мәңгілік ел мұраты» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

    «Тәуелсіздік – Мәңгілік ел мұраты» атты кітап көрмесі тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларын насихаттауға бағытталған. Бұл көрмеде Қазақ мемлекеттілігінің құрылу тарихынан бастап қазіргі заман тарихына дейінгі әдебиеттер қамтылған. Төрт бөлімнен тұратын кітап көрмесіне 600-ден аса кітаптар қойылды.

        Кітап көрменің ашылу салтанатына кітапхананың қорынан 1500 кітаптан Қазақстан картасы және кітап инсталляциясы жасалды.

Мерекелік шараны Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары М.Р.Абуова сөз сөйлеп ашты. Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының кандидаты М.Аңсатова, «Жас Отан» жастар қанатының бөлім басшысы Т.Тілесов, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ұлттық мәдени орталық өкілдері, жастар және оқырмандар қатысты.

       Шара барысында жас ақындар «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды.

Қатысушыларға«Ұлы Дала дүбірі» атты деректі фильм және виртуалды кітап көрмесі ұсынылды, «Тәуелсіз Қазақстан» залына экскурсия жасалды.

       Шара соңында жастардың қатысуымен «Тәуелсіздік – тілегім» атты дөнгелек стол ұйымдастырылды.


 

 

 

 

 

 

 


 

27 қаңтар 2016 ж. 18:48
0 қарау
Пікір
1
Азиза Әбдіраимова 1 желтоксан 2016 17:02
Елімізде осындай іс шаралар өткізіп тұрылғаны жақсы деп ойлаймын.
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: