«Бастауын сырдан алған жыр дариясы» - әдеби вернисаж

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Тәжібаев оқулары» аясында  3 ақпан күні  Әбділда Тәжібаевтың  поэзиясына  арналған «Бастауын сырдан алған жыр дариясы» атты   әдеби вернисаж  өткізді. Шара  орыс және қазақ тілінде өтті.

Қазақ әдебиетінің тарихында көрнекті орынға ие болған ақын-жазушының бірі – Әбділда Тәжібаев. Ә. Тәжібаев - ақын, драматург, сыншы, әдебиеттанушы, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, толағай ақын, толастамас жыр иесі, сыр елінің ардақты ұлы.

Әдеби шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің классигі Ә.Тәжібаевтың шығармашылығын  насихаттау. Жас жеткіншіктерге қазақ әдебиетін насихаттау арқылы  өнегелік, патриоттық тәрбие беру.

      Әдеби вернисажда №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің, №7 және №211 орта мектептердің оқушылары белсене қатысты. Вернисаж кітапханашының  Ә.Тәжібаевтың өмір жолы, шығармашылығы және ұлттық әдебиетке қосқан үлесі туралы баяндамасынан басталды. Балалар ақының өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқыды.  Сонымен қатар оқушылар ақынға арнаған арнау өлеңдерін оқып, ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады, «Толағай» поэмасынан шағын қойылым көрсетті. Әдеби шара барысында оқушылар  Ә.Тәжібаевтың өмір жолына және шығармашылығына  арналған слайд-шоуды тамашалады.

«Бастауын сырдан алған жыр дариясы» -  әдеби вернисаж

 

«Бастауын сырдан алған жыр дариясы» -  әдеби вернисаж

 

«Бастауын сырдан алған жыр дариясы» -  әдеби вернисаж

 


03 ақпан 2016 ж. 15:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: