«Ә.Тәжібаев және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері»/ Оқырмандар конференциясы/

    2016 жылдың 5 ақпанында «Тәжібаев оқулары» апталығының аясында оқу залы секторының ұйымдастыруымен «Ә.Тәжібаев және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.

    ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әсем айшығы болып қаланған, сыршыл суреткершілікті ойшылдықпен ұштастырған, жан-жақтылығымен ерекшеленетін тұлғаларымыздың бірі Ә.Тәжібаев.

     Ақын, қазақ поэзиясының заңғары, драматургияда да толымды еңбек жасап, ғылымда да өзінің дара сөзін айта білген.

«Болашақ» университетінің оқытушылары Медетбаев Тасболат пен Тайманова Сара ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндама оқыды.

     Оқырмандар конференциясында «Жауһазын – ғұмыр» жас ақын-жазушылар клубының мүшесі Маратова Меруерт ақын өлеңінен үзінді оқып берді.

     Қорытындысында оқырмандар «Сырда туған Сырдың ұлы» атты кітап көрмесімен танысты.


 

 

 



05 ақпан 2016 ж. 09:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: