«Тәуелсіздік белесі - ЭКСПО – 2017» атты қызықты слайд сабақ өткізілді

       2016 жылдың 18 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының ауылшаруашылық әдебиеттер және техникалық әдебиеттер бөлімі Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, «Өркениет» медициналық колледжі және М.Ықсанов атындағы политехникалық колледж студенттеріне Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай«Тәуелсіздік белесі - ЭКСПО – 2017» атты қызықты слайд сабақ өткізілді.

     Шараның мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан халқының қол жеткізген жетістіктерін дәріптеу арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру.

      Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:«Ел бірлігі-біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз» -деді.

    1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы, Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO -2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алғанын жастарға насихаттау.

     «ЭКСПО – 2017» көрмесі Астана қаласында «Болашақ Энергиясы» деген атаумен өтеді. «ЭКСПО – 2017» экономикасы өркендеген еліміздің жемісі. Сабақты «Өркениет» колледжінің оқытушысы Талғат Меңдібаев жүргізіп, «Дамыған елдер арасындағы жетістіктер көрмесі- ЭКСПО» атты тақырыпта баяндама оқып, халықаралық көрмелердің әлем елдерінде өткізлгені жөнінде мағұлматтар берді. Слайд сабаққа қатысқан студенттер пікір алмасып, ЭКСПО халықаралық көрмелер тарихының идеялары мен тарихи тағылымы жөнінде ой бөлісіп, пікір алысты.ЭКСПО – 2017 Қазақстанның жаңа тарихындағы басты оқиға болатыны, ал аталған іс-шараны өткізу біздің елдің қалыптасуына, экономика мен мәдениет дамуына үлкен үлес қосатыны аталып өтті. Бұл көрме Елбасымыз атап айтқандай, еліміз үшін емтихан ғана емес, көрме біздің жасампаз әуелетімізді ашуға мүмкіндік береді. Шараға «Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі – Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 


 

 

 

 

 


18 ақпан 2016 ж. 16:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: