«Жыраудан қалған жауһар сөз»18 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Жыраудан қалған жауһар сөз» атты әдеби кеші өтті. Екі ғасырдың куәсі, қазақ халқы поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Ленин» ордені, «Құрмет белгісі» ордені, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Жамбыл Жабаевтың ғасырлар бойы жырлаған өлеңдері, жырлары туған халқының ар намысы, ақиқат шындығы. Кеште И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Мінәжадинова Гүлжаһан ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Студенттері ақынның өлеңдерін оқып, өз өнерлерін көрсетті. «Жамбыл - жыр алыбы» атты кең көлемді кітап көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды.
|