Ана жыры - көктем нұры

      Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 2 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күүніне арналған «Ана жыры - көктем нұры» атты мерекелік әдеби-сазды кеш өткізді.

      Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер айту арқылы анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтей, сыйлай білуге үйрету. Оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, мейірімділікке, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу арқылы, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру.

      Мерекелік кешке №3 мектеп-лицейдің 6 «В» сынып оқушылары, №4 С.Сейфуллин атындағы қазақ орта мектебінің оқушылары, «Самұрық» би тобы, №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері, «Звездочки» би тобы белсене қатысты. Оқушылар қазақ ақындарының аналар жайлы өлеңдерін жатқа оқып, ән шырқып, би биледі. Залда «Күн мереке, гүл мереке – 8 наурыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      Сонымен қатар мерекелік шараға №12, 140 орта мектептердің оқушылары, ұстаздар, кітапханашылар, ата-аналар қатысты.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


02 наурыз 2016 ж. 15:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: