«Тарихы терең халықпыз» атты ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған брейн-ринг

    Еліміз тәуелсіздік алып, нарықты заман орнады. Мемлекетіміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы - жастар арасында патриоттык сезімді қалыптастыру және адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету болатын. Жолдауды насихаттау барысында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Тарихы терең халықпыз» атты мерекелік сайыс ұйымдастырды.

     Шараға «Болашақ» медициналық колледжінің студенттерінен құралған «Көшбасшы» және Қызылорда гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерінен құралған «Эрудит» топтар қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

І кезең: Таныстыру; ІІ кезең: Бәйге; ІІІ кезең: Менің Тәуелсіздігім; ІV кезең: Капитандар сайысы.

Сайыс барысында қазақ мемлекетінің құрылуы мен еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап және бүгінге дейінгі тарихи оқиғалар туралы сұрақтар қойылды.

     Қатысқан студенттер көшбасшылық, топпен жұмыс жасау, тапқырлығын шыңдау және ұйымшылдық қабілеттерін көрсете біліп, әр кезеңде қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.

     Сайысқа әділқазылық жасаған: Көпсалалы «Ұлағат» колледжінің оқытушысы - Мусаева Г., Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдіскері - Оспанова С., өнер бөлімінің меңгерушісі – Үмбетова Б.

      Осы сайыстың жеңімпазы «Болашақ» медициналық колледжі ие болды. Барлық қатысушылар кітапхана тарапынан сый-сияпат пен мақтау қағаздарымен марапатталды.


 

 

 

 


 

10 наурыз 2016 ж. 18:45
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: