DataLife Engine > Жаңалықтар > Суицид (кітап көрмесі)

Суицид (кітап көрмесі)


14-03-2017, 16:37
Автор: akbota

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында, соңғы уақытта қоғамның ірі мәселелерінің бірі -суицид тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Көрменің мақсаты – оқырмандарға өз өміріне қол жұмсау тек өзіне ғана жасалған қиянат емес, жақындарына, қоршаған ортаға жасалған қастық екенін түсіндіру, өмірге деген құштарлығын арттыру. Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Көрмеде қазақ жазушылары Е Қойбағарұлының «Суицид» және «Психотерапевтің жазбалары», Ф Бизақованың «Отбасылық дағдарыс психологиясы», А.Т Акажанованың «Девианталогия», Р.Б Каримованың «Антикризная профилактика суицидоопасных состояний у подростков» атты кітаптары қойылды.

     Кітаптарда оқырмандардың рухани тәрбиесін байытуда, өмір үшін күреске түскен жандардың жағдайы сипатталады.


 

 

 

 


 


Вернуться назад