Суицид (кітап көрмесі)Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында, соңғы уақытта қоғамның ірі мәселелерінің бірі -суицид тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқырмандарға өз өміріне қол жұмсау тек өзіне ғана жасалған қиянат емес, жақындарына, қоршаған ортаға жасалған қастық екенін түсіндіру, өмірге деген құштарлығын арттыру. Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Көрмеде қазақ жазушылары Е Қойбағарұлының «Суицид» және «Психотерапевтің жазбалары», Ф Бизақованың «Отбасылық дағдарыс психологиясы», А.Т Акажанованың «Девианталогия», Р.Б Каримованың «Антикризная профилактика суицидоопасных состояний у подростков» атты кітаптары қойылды. Кітаптарда оқырмандардың рухани тәрбиесін байытуда, өмір үшін күреске түскен жандардың жағдайы сипатталады.
|