DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кім ақылды, кім зерек» ойын викторинасы

«Кім ақылды, кім зерек» ойын викторинасы


4-06-2021, 10:33
Автор: akbota

    4 маусым күні «Кітапханадағы жазғы лагерь»  жобасы  аясында «Кім ақылды,кім зерек?» тақырыбында ойын викторинасы ұйымдастырылды.

   Шараның  мақсаты:балалардың ойлау қабілеттерін арттыру,  білімді, дарынды болуғатәрбиелеу.Ойын сайысқа Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің күндізгі тынығу лагерінің  оқушылары қатысты. Балалар «Білгенге маржан», «Мақал сөздің мәйегі», «Тапқыр болсаң тауып көр», «Ойлан,тап» атты кезеңдерінен мүдірмей өтіп, өз білімдерінің жан-жақтылығын, логикалық ойлау қабілетін жеткізе білді. Шара соңында балалар кітапханаға саяхат жасап , жаңа әдебиеттермен  танысты.





 

Вернуться назад