DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кітапты оқимыз, білімді тоқимыз» Ойын –викторина

«Кітапты оқимыз, білімді тоқимыз» Ойын –викторина


26-01-2021, 12:45
Автор: akbota

   26 қаңтар  күні   жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мен ізденімпаздыққа баулу, ұшқыр ойға,  қойылған сұраққа дәл және жылдам жауап беруге дағдыландыру мақсатында «Кітапты оқимыз, білімді тоқимыз»  ойын – викторина ұйымдастырды. Шараға Ә.Құдабаев атындағы №197 мектептің 7 сынып оқушылары қатысып,  «Елім менің – Қазақстан», «Кім ақылды, кім зерек?», «Кітап – алтын қазына»  кезеңдерімен мүдірмей өтті. Іс-шарада оқушылар өз білімдерінің жан-жақтылығын, ойлау қабілетін жеткізе білді.

   Шара соныңда « Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесімен танысты.




 

Вернуться назад