«Кітапты оқимыз, білімді тоқимыз» Ойын –викторина26 қаңтар күні жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мен ізденімпаздыққа баулу, ұшқыр ойға, қойылған сұраққа дәл және жылдам жауап беруге дағдыландыру мақсатында «Кітапты оқимыз, білімді тоқимыз» ойын – викторина ұйымдастырды. Шараға Ә.Құдабаев атындағы №197 мектептің 7 сынып оқушылары қатысып, «Елім менің – Қазақстан», «Кім ақылды, кім зерек?», «Кітап – алтын қазына» кезеңдерімен мүдірмей өтті. Іс-шарада оқушылар өз білімдерінің жан-жақтылығын, ойлау қабілетін жеткізе білді. Шара соныңда « Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесімен танысты. |