DataLife Engine > Жаңалықтар > Студент жастардың қатысуымен «Қызым саған айтам...» атты әдептілік сабағы болып өтті

Студент жастардың қатысуымен «Қызым саған айтам...» атты әдептілік сабағы болып өтті


30-10-2024, 11:15
Автор: akbota
           30 қазан күні облыстық кітапханада  студент жастардың қатысуымен «Қызым саған айтам...» атты әдептілік сабағы болып өтті.
           Шараның мақсаты –  жастарға   этикалық қарым-қатынасты дамыту арқылы ізетті, ілтипатты, сыпайы болуды  насихаттау.
         Шарада  студенттер  адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп, мәдениет, парасат туралы пікірлерін білдірді,  қоғамдық орындарда, адамдармен қарым-қатынас жасаудағы өз ойларын айтып, ашық дискуссияға түсті.
        Мәдени шарада белгілі ақындардың өлеңдері оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Кітапхана қызметкерлерінің орындауында әндер шырқалды.
           Іс-шараға «Өркениет» колледжінің студеттері қатысты.

Вернуться назад