30 қазан күні облыстық кітапханада студент жастардың қатысуымен «Қызым саған айтам...» атты әдептілік сабағы болып өтті.
Шараның мақсаты – жастарға этикалық қарым-қатынасты дамыту арқылы ізетті, ілтипатты, сыпайы болуды насихаттау.
Шарада студенттер адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп, мәдениет, парасат туралы пікірлерін білдірді, қоғамдық орындарда, адамдармен қарым-қатынас жасаудағы өз ойларын айтып, ашық дискуссияға түсті.
Мәдени шарада белгілі ақындардың өлеңдері оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Кітапхана қызметкерлерінің орындауында әндер шырқалды.
Іс-шараға «Өркениет» колледжінің студеттері қатысты.