DataLife Engine > Жаңалықтар > Аппликация Шеберлік сабағы

Аппликация Шеберлік сабағы


3-10-2024, 18:08
Автор: akbota
        3 қазан күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Этюд» графика және дизайн арт-студия оқушыларының қатысуымен, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс-әрекеттерін меңгеруге баулу, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу мақсатында аппликация шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында студия жетекшісінің көмегімен балалар,  заттардың түр-түсі, құрылысы, көлемі туралы білімдерін тереңдете отырып, түрлі-түсті қағаздан  көп қабатты аппликациялы   композициялар   жасады.


Вернуться назад