3 қазан күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Этюд» графика және дизайн арт-студия оқушыларының қатысуымен, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс-әрекеттерін меңгеруге баулу, ұқыптылыққа, әсемдікке тәрбиелеу мақсатында аппликация шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақ барысында студия жетекшісінің көмегімен балалар, заттардың түр-түсі, құрылысы, көлемі туралы білімдерін тереңдете отырып, түрлі-түсті қағаздан көп қабатты аппликациялы композициялар жасады.