АДИСҰЛЫ ҚУАТ

АДИСҰЛЫ  ҚУАТ

(1978)

       Ахетов Қуат Адисұлы (14.08.1978) – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

1978 жылы 14 тамызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Көңіл керуені», «Қоңырбек пен Содырбек», «Кемпірқосақ», «Атасының ақылы», «Дәрумендер дауасы» атты кітаптары жарық көрді.

      Өлеңдері «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының он томдық антологиясына және бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. Балаларға арналған шығармалары Қазақ балалар әдебиетінің антологиясына, «Тәтті алма», «Бәсіре» жинақтарына енген. Одан бөлек, ақынның авторлығымен мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелеріне арналған QR код арқылы дыбысталатын заманауи кітапшалары жарық көріп, еліміздің барлық өңіріне таратылуда. Ақынның балаларға арналған шығармалары жоғары оқу орындарында оқытылып жатыр. «Шалқар», «Қазақ радиосы» секілді республикалық әуе толқындары мен отандық телеарналар ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында арнайы хабарлар дайындап, таратты. Сондай-ақ бірнеше жылдан бері Елорда мен Алматы секілді үлкен қалалардан бастап, еліміздің барлық өңірлеріндегі мектептер ақынмен офлайн, онлайн форматта кездесулер ұйымдастырып келеді. Облыстық, республикалық жыр мүшайралардың жеңімпазы. Аудан, облыс әкімдерінің және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен», сондай-ақ Қазақстан Журналистер одағының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Әдеби бірлестіктер мен ұйымдардың арнайы медальдарының иегері.    

Шығармалары

        Адис, Қуат. Кемпірқосақ / Қ. Адис. – Қызылорда : Ақмешіт Баспа үйі, 2018. – 123 б.

        Адисұлы, Қуат. Көңіл керуені : Өлеңдер, мақалалар / Қ. Адисұлы ; ред. Қ.Әбсатұлы. – Алматы : Халықаралық Жазушылар Одағы, 2014. – 368 б.

15 наурыз 2024 ж. 17:57
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: