KITAPKHANA.KZ
kz ru

ӘЛЖІК ОРЫНБАСАР

            Әлжік Орынбасар (9.10.1960) - сатирик, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1960 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданының «Комсомол» ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1982 – 1992 жылдары Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде, Сырдария аудандық кеңес және партия органдарында қызмет істеген. 1992 – 1998 жылдары облыстық телерадиокомпаниясының комментаторы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, 1998-2004 жылдары облыстық телерадиокомпаниясының директоры, 2005-2007 жылдары облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2009 жылы «Сырдария кітапханасы» сериясымен «Әйдә, күл-ә...» атты кітабы жарық көрді.

   ҚР Президентінің «Алғыс хатымен», ҚР Конституциясының 10 жылдығына арналған мерекелік медальмен, «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Облыс әкімінің «Тұран» сыйлығының иегері (2023).

Шығармалары

       Әлжік О.     Әйдә, күл-ә... / О.Әлжік; жауапты ред. Б.Кәрібозұлы. – Астана: Фолиант, 2009. – 376 б. - (Сырдария кітапханасы)

        Әлжік, О. Есік көрген еркек / О. Әлжік.- Алматы: ХанТәңірі, 2014.- 343 б.

       Әлжік О.  Өйдөйт деген! / О. Әлжік.- Алматы: ҚазАқпарат, 2013.  

15 наурыз 2024 ж. 19:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x