ДАУЫЛБАЙ МАҚСАТ
Мақсат Дауылбай 1996 жылдың 12 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (2021). 2017 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша бітіріп, 2020 жылы «гуманитарлық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін иемденген. Әр жылдарда Қызылорда облыстық филармониясында «сценарист», Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында» жетекші сарапшы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтында» жетекші сарапшы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында бөлім басшысы, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының «Келешек жастар кеңесінің» төрағасы лауазымдары бойынша еңбек еткен. 2021 жылдың ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары, «Рухани жаңғыру» орталығы» КММ директоры лауазымдарында қызметін атқарып келді. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының бұйрығымен 2022 жылғы 10 маусымнан бастап Дауылбай Мақсат Дауылбайұлы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры лауазымына тағайындалды. Республикалық, Халықаралық жыр мүшайраларының жүлдегері, "Самғау" жастар сыйлығының иегері, Қызылорда қаласы әкімінің стипендиаты, І.Қабылов атындағы медальдің, Текей батыр атындағы медальдің иегері. Әдебиеттер: Дауылбай, М. Ордамалы Отаным менің / М. Дауылбай // Ақмешіт жастары. – 2021.- 9 шілде ( № 28) - 8 б. Республикалық, облыстық жыр мүшайраларының жүлдегері "Самғау" жастар сыйлығының иегері Дауылбай Мақсат жайлы. Жас ақынның жан-дүние сыры // Сыр бойы. – 2022.- 29 қараша (№181).- 6 б. Қызылордалық ақын Мақсат Дауылбайдың "Шер" атты шығармашылық кеші өтті. Партия қатары жаңа мүшелермен толықты // Сыр бойы. – 2021. - 2 наурыз (№ 33). - 2 б. |