СЕРӘЛИЕВ НӘСІРЕДДИН (1930-1984)1930 жылы 25 қазанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Қашқансу елді мекенінде дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық училищесін, педагогикалық институттың (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филология факультетін бітірген (1952). 1952-1958 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде, «Үгітші блокнотында», «Пионер» және «Балдырған» журналдарында қызмет істеген. 1962-1965 жж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде кеңесші, ал 1968 жылдан осы бөлімшенің жауапты хатшысы болған. Шығармалары 1952 жылдан жариялана бастады. Н. Сералиев қазақ балалар әдебиетінде өздері өмір сүрген кезеңнің шындығын көрсетіп, балалар мен жасөспірімдердің қайталанбас характерлерін жасаған жазушы. «Ұшталмаған қарындаш» әңгімелер жинағы 1956 жылы жарық көрді. «Ақ қайың» (1967), «Ыстық күлше» (1969), «Қаңтар» (1971), «Алтын ғұмыр, алғашқы махаббат» таңдамалы шығармалары» (1975), «Жаңбыр исі» (1980), «Зеңгір аспан» (1990), «Сырдария кітапханасы» сериясымен екі томдық шығармалары (2009) жарық көрді. «Еңлікгүл» көркем фильмі сценарийінің авторы. И.Котляровскийдің, А.Гайдардың, С.Баруздиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған. КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Н. Сералиев 1984 жылы 20 қарашада қайтыс болды. Бейіті Шымкент қаласы маңындағы зиратта.
Әдебиеттер: Серәлиев Н. Ақ қайың: Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1967. – 70 б. Сералиев Н. Екі томдық шығармалары / Н.Сералиев; Жауапты ред.Б.Кәрібозұлы.- Астана:Фолиант, 2009.- (Сырдария кітапханасы) Сералиев Н. Жаңбыр исі: Таңдамалы повестер /Н.Сералиев.- Алматы: Жазушы, 1980.- 408 бет. Сералиев Н. Зеңгір аспан: Повестер мен әңгімелер /Н.Сералиев.- Алматы: Жазушы, 1990.- 448 бет. Сералиев Н. Қаңтар: Повестер мен әңгімелер /Н.Сералиев.- Алматы: Жазушы, 1971.- 152 бет. Сералиев, Н. Таңдамалы. 1 том: Әңгімелер, хикаяттар / Н. Сералиев; Құраст: Қ. Нұрмаханова.- Алматы: Айғаным, 2015.- 380 б.- (Сөз сарасы). Серәлиев Н. Ыстық күлше: Повестер. – Алматы: Жазушы, 1969. – 119 б. *** Балалық шағын балаларға үлгі еткен //Балалар бағының бағбандары [Мәтін]: Анықтамалық / Құраст. Ш.Күмісбайұлы.- Алматы: Балалар әдебиеті,2008.- 233-235 б. Сәрсенбай Оразбек. Жастық жыршысы / О. Сәрсенбай // Сәрсенбай О. Өмір - сынақ.- Алматы, 2015. - 261 - 272 б. Жазушы Нәсіреддин Сералиев туралы. Сералиев Нәсіреддин (1930-1984) // Ермағамбетова Қ. Туған жер - тұнған шежіре. – Қызылорда, 2017. – 145 б. Серәлиев Нәсіреддин //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 472 б. Серәлиев Нәсіреддин //Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы. 4-том : Ғажайып құмыра. Қазақ жазушыларының балаларға арналған әңгімелері, ертегілері, мысалдары / құраст. Б. Қошым-Ноғай. – Алматы : Әдебиет, 2021. – 320-330 бет Серәлиев Нәсіреддин //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 358 б. Серәлиев Нәсіреддин //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 280 б. Серәлиев Нәсіреддин //Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 121 б. Серәлиев Нәсіреддин //Қазақстанның көркем әдебиеті: Библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; Құраст. А.Нұрсейітова, Ә.Сәйдембаева; Алғы сөзін жазған С.Қирабаев. – Алматы: Мектеп, 2008. – 2-кітап. – 132-133 б. Серәлиев Нәсіреддин //Қазақстанның көркем әдебиеті: библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы; Құраст. М.К.Әбілова; ред.: Ғ.Тәшімбай, Ә.Сәйдембаева; Алғы сөзін жазған А.К.Рахимова. – Алматы:ИП «ПиК» Сартбаева Л.Б., 2012. – 3-кітап. – 172-174 б. Серәлиев Нәсіреддин //Қасиетті Қармақшы: Қармақшы өңірінің ақын-жазушылары шығармаларының жинағы. - Алматы: Үш Қиян, 2003. - 426 б. Серәлиев Нәсіреддин // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 558-559 б. Серәлиев Нәсіреддин // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 447-448 б. Сералиев Нәсіреддин // Сыр журналистикасының тарихы. – Қызылорда, 2021. – 5-том.- 19 б. Тоқмағамбетов А. Інім Нәсірге: Н.Серәлиевке арналған өлең //Тоқмағамбетов А. Шығармалар жинағы. – Астана: Фолиант, 2009. – Т.1. – 100-101 б. – Сырдария кітапханасы) Байғұт М. Көркем жазу сабағы: Жазушы Нәсiреддин Сералиев туралы // Жалын.- 2011. - № 6. - 36-37 б. Байғұт, М. Мәжнүнталдар күресі немесе араларына он күн ғана салып қайтыс болған шымкенттік қос қаламгер хақында : [Жазушылар Қ.Қазиев пен Н.Сералиев туралы] / М. Байғұт // Заман-Қазақстан. – 1996.- 26 көкек(N15).- 8 б. Ергөбек Қ. Әдебиетте қалған iз // Жалын.- 2011. - № 6. - 14- 35 б. Есіркепұлы Қ. Жұмсақ жан еді // Сыр бойы. – 1995. – 22 қараша Жанәділов Нұрбай. Әдебиет ақтаңгері / Н. Жанәділов // Қармақшы таңы. - 2018. - 19 мамыр (№ 36). - 6 б. Жазушы Нәсіреддин Сералиев жайлы. Жұмабаев Ә. Жомарт жүректі жазушы // Қазақ әдебиеті. – 1990. – 26 қазан. – 15 б. Исабеков Д. Жігіт шақ //Қазақ әдебиеті. – 1980. – 24 қазан.- 9 б. Мырзахметұлы Қ. Нәсіреддин неге атаусыз //Сыр бойы. – 2005. – 15 желт. Нәсіреддин Серәлиев көшесі // Қармақшы таңы. - 2018. - 14 шілде (№ 52). - 4 б. Балалар жазушысы, белгілі қаламгер Нәсіреддин Серәлиевке көше аты берілді. Сапарғалиева С.Ш. Н.Сералиев "Кім болсам екен?: Сабақ сценарийі / С.Ш.Сапарғалиева //Бастауыш сыныпта оқыту.- 2010. - №2. - 19 б. Сапаров Д. Құтты қадам : [ Жазушы Н.Серәлиевтің «Ұштамаған карандаш» атты балаларға арналған жинағына талдау ] //Ленин жолы. – 1960. – 5 қаңтар Сәдібекұлы А. Есте мәңгі қалсын деп: Жазушы Н.Серәлиевтің 80 жылдығына / А.Сәдібекұлы //Сыр бойы.- 2010.-19 қазан Сәдібеков А., Жарылқасынов Р. Жазушының туған жерінде //Ленин жолы. – 1990. – 6 желт. Сәдібекұлы А. Махаббат жыршысы: Жазушы Нәсіреддин Сералиев жайлы / А. Сәдібекұлы //Қазақ әдебиеті.- 2015. - 14 тамыз (№ 31). - 7 б.; Сыр бойы.- 2015. - 22 тамыз (№ 124/125). - 7 б. Сәрсенбаев О. Жастық жыршысы //Ленин жолы. – 1980. – 28 окт.; Самала.- 2010. – 27 қараша. - 4 - 5 б. Сәрсенбай О. Жастық жыршысы // Жас Алаш.- 2010. - 26 қазан (№85). - 5 б. Сәрсенбаев О. Сыршылдық жақсы, шыншылдық қымбат: Жазушы Н.Серәлиевтің шығармашалығы туралы //Қазақ әдебиеті. – 1981. – 9 окт. Сүйеніш Қ.Е. Жұмбақ жан еді //Сыр бойы. – 1995. – 22 қараша Сүйенішев Қ. Жаны да, жазуы да нәзік еді //Ленин жолы. – 1990. – 31 қазан Сүйеніш Қ. «Жанымды жамандарша баға алмаспын...»: Жазушы Н.Сералиев туралы //Парасат. – 1996. - №8. – 20-21 б. Сыр бойы перзентін еске алды //Қазақ әдебиеті. – 1990. – 14 желт. – 11 бет. Шымкентте көше аты берілді: Н.Серәлиевтің 80 жылдығына орай //Сыр ардагері.- 2010. - 3 қараша |