KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Сыр сүлейі, жыр дүлейі» - әдеби-сазды кеш

«Сыр сүлейі, жыр дүлейі» - әдеби-сазды кеш
Сыр бойының аяулы азаматы, әдебиет танушы, филолог, зерттеуші, профессор, ақын Әбділда Тәжібаев өзінің артына өшпестей етіп, үлкен мұра қалдырды.

12 ақпан күні  Әбділда Тәжібаевтың 105  жылдығына балалар әдебиеті бөлімі «Сыр сүлейі, жыр дүлейі»  атты әдеби-сазды кеш  өткізді. Мақсаты: Әбділда Тәжібаевтың жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбиелеу. Біздің мақсатымыз - осындай тәрбиелік мәні зор өлеңдерді жастарымызға таныстырып, ұрпағымызды ұлттық рухта тәрбиелеу.

Әдеби-сазды кешке №7 орта мектеп оқушылары, №264 мектеп-лицейдің оқушылары, «Рауан» интеллектуалды шығармашылық клубының белсенді мүшелері қатысты.

Оқушылар Әбділда  атамыздың шығармашылығына шолу жасап, өлеңдер оқып, ақын сөзіне «Сырдария», «Құлыншағым» әндері орындалды,  туған жер, Отан туралы  әндер шырқалды. Ақынға арналған жазушы-ақындардың жылы лебіздері  айтылды.   Жас ақындарымыз  арнау өлеңдерін оқыды. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.

Мәдени шараға №12,112, 187, 233 орта мектептердің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

13 қыркүйек 2014 ж. 03:53
0 қарау
Пікір
1
Искакова Жанат 5 ақпан 2019 20:11
 Ақын шығармашылығына арналған кеш өте жуйелі түрде берілген. Шығармашылық табыс тілеймін
Цитировать         

комментариев публикаций
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x